7 «А» сыныбымен тренинг өтті
2026 жылдың 10 сәуір күні мектеп психологы Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 2 курс машықкерлері Мейрамқанова Әлима мен Чурбаева Гүлназдың ұйымдастыруымен 7 «А» сыныбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің тақырыбы: «Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен сенімділігін қалыптастыру». Тренинг барысында оқушылардың ішкі психологиялық жағдайын тұрақтандыруға және өз-өзіне сенімділігін күшейтуге бағытталған жағымды орта құрылды. Қатысушылар тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, өз мүмкіндіктерін байқап көруге, жетістіктерін бағалауға және өз күшіне сенуге дағдыланды. Жаттығулар мен талқылаулар кезінде оқушылар еркін қарым-қатынас жасап, өз пікірлерін ашық білдірді және сыныптастарымен өзара түсіністік орнатты. Оқушылар белсенділік танытты, көңіл күйлері көтеріңкі болды. Олар өз жетістіктерін саралауды, өзіне сенуді және бір-бірін қолдауды үйренді. Жаттығулар сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырды.
Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар өз әсерлерін жазды. Нәтижесінде тренинг қойылған мақсатқа жетіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен сенімділігін дамытуға оң ықпал етті.
Машықкерге жетекші тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, жұмыс барысында кездескен кейбір қателіктерді түзету және жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру бойынша бағыт-бағдар берілді.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Искакова Д.С.

