8 «Ә» сыныбымен тренинг өтті
2026 жылдың 30 қаңтар күні мектеп психологі Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3 курс машықкері Сагнаева Жасминнің ұйымдастыруымен 8 «Ә» сыныбында «Эмоция әлемі: өз сезімімді танимын және басқарамын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында жылы әрі қолайлы психологиялық ахуал қалыптасты. Оқушылар тренингке белсенді қатысып, ұсынылған тапсырмалар мен жаттығуларды қызығушылықпен орындады. Жаттығулар арқылы оқушылар өз эмоцияларын тануға, оларды дұрыс білдіруге және басқаруға бағытталған дағдыларды меңгерді.
Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірін тыңдап, өз ойларын ашық жеткізуге, эмоциялық күйін түсінуге үйренді. Эмоционалдық сергіту элементтері арқылы сыныптағы өзара қарым-қатынас жақсарып, жағымды көңіл күй қалыптасты.
Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар тренингтің қызықты әрі пайдалы болғанын атап өтті. Нәтижесінде тренинг өз мақсатына жетіп, оқушылардың эмоционалдық сауаттылығы мен өзін-өзі басқару дағдыларының дамуына оң ықпал етті.
Тренинг соңында жетекші тарапынан машықкерге кәсіби шеберлігін арттыруға арналған әдістемелік ұсыныстар берілді.

