9 «Б» сыныбымен тренинг » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

30
январь
2026

9 «Б» сыныбымен тренинг

2026 жылдың 30 қаңтар күні мектеп психологі Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3 курс машықкері Сагнаева Жасминнің ұйымдастыруымен 9 «Б» сыныбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің тақырыбы: «Эмоция әлемі: өз сезімімді танимын және басқарамын».

Тренинг барысында оқушылардың эмоционалдық жай-күйін тұрақтандыруға бағытталған қолайлы психологиялық орта қалыптасты. Қатысушылар тренингке белсене қатысып, берілген тапсырмалар арқылы өз эмоцияларын ажырата білуге, оларды дұрыс қабылдауға және басқару жолдарын үйренді.

Жаттығулар мен талқылаулар кезінде оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, сыныптастарымен өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік алды. Топтық жұмыс оқушылардың бір-біріне деген сенімін арттырып, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылар тренингтің мазмұнды әрі пайдалы өткенін атап өтті. Нәтижесінде тренинг алға қойылған мақсатына жетіп, оқушылардың эмоциялық сауаттылығы мен өзін-өзі реттеу дағдыларының дамуына оң әсерін тигізді.

Жетекші тарапынан машықкердің тренинг жүргізу дағдылары бағаланып, болашақ кәсіби қызметінде қолдануға арналған әдістемелік ұсыныстар берілді.