5 «А» сыныбымен «Менің ішкі күйім: Көңіл-күй әлемі» тренингі өтті
12 мамыр күні 5 «А» сыныбында оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің алғашқы бөлімінде оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жағымды атмосфера қалыптастырды. Балалар түрлі түстер арқылы өз көңіл-күйлерін бейнелеп, таңдаған түстерінің мағынасын түсіндірді. Бұл тапсырма олардың эмоцияларын еркін жеткізуіне ықпал етті.
Сонымен қатар, оқушылар жағымсыз сезімдерден арылуға көмектесетін тыныс алу және босаңсу жаттығуларын орындады. Ал «Достасайық» бөлімінде әр оқушы өзін таныстырып, шығармашылық жұмыс арқылы сыныптың ортақ достық бұрышын құрастырды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Тренинг нәтижесінде сыныптағы өзара түсіністік пен достық қарым-қатынас нығая түсті.
Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Махмутова М.Ж.

