08
апрель
2026
5–6 сынып оқушы қыздарына арналған гигиена мен денсаулық тақырыбында ағартушылық дәріс өтті
«Кимберли Кларк Қазақстан» ЖШС компаниясының қолдауымен және «Urban Media» ұйымымен бірлесіп, 5–6 сынып оқушы қыздарына арналған «Жыныстық жетілу кезеңіндегі қыз балалардың гигиенасы мен денсаулығының негіздері» тақырыбында маңызды ағартушылық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәжірибелі медицина мамандары жасөспірім қыздарға жыныстық жетілу кезеңіндегі физиологиялық өзгерістер, жеке бас гигиенасын сақтау ережелері, денсаулыққа қатысты маңызды ақпараттар туралы түсінікті әрі қолжетімді форматта баяндады. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты жауап алды.
Дәрістің басты мақсаты – қыз балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған дұрыс әдеттерді қалыптастыру, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру және жыныстық жетілу кезеңіндегі өзгерістерді дұрыс қабылдауға көмектесу.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға және олардың ақпараттық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті. Алдағы уақытта да осы бағыттағы ағартушылық жұмыстар жалғасын табады деп жоспарлануда.