18
март
2026
«Easy English» ағылшын тілі үйірмесі аясында «My toys» (Менің ойыншықтарым) тақырыбында сабақ өткізілді.
«Easy English» ағылшын тілі үйірмесі аясында «My toys» (Менің ойыншықтарым) тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларды «Toys» тақырыбы бойынша жаңа лексикамен таныстыру және countable және uncountable nouns (саналатын және саналмайтын зат есімдер) туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар ball, doll, car, teddy bear, robot сияқты ойыншық атауларын ағылшын тілінде үйренді. Сонымен қатар оқушылар зат есімдердің саналатын және саналмайтын түрлері туралы қарапайым түсінік алып, оларды сөйлем ішінде қолдануға арналған тапсырмалар орындады.

