6 «А» сыныбымен тренинг
2026 жылдың 3 ақпан күні мектеп психологі Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3 курс машықкері Бегарысқызы Нұржанның ұйымдастыруымен 6 «А» сыныбында «Бірге болсақ-күшпіз!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг «Атың + қимыл жаса» жаттығуынан басталып, оқушылар бір-бірімен танысып, еркін атмосфера қалыптасты. Одан кейін «Сұрақпен доп» ойыны арқылы балалар өз ойлары мен сезімдерін ашық айтып, бір-бірін жақынырақ тани