18
февраль
2026
«Барлығы отбасынан басталады» семинар-тренинг өтті.
18 ақпан күні Конституциялық реформаны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында мектебімізде оқушылардың ата-аналарына арналған «Барлығы отбасынан басталады» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөлін күшейту, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ конституциялық құндылықтар негізінде жауапты әрі саналы тұлға қалыптастыру мәселелерін талқылау болды.
Семинар-тренингті мектеп педагог-психологтері және тарих пәні мұғалімі бірлесіп өткізді.Іс-шара барысында ата-аналар белсенділік танытып, пікір алмасып, тәжірибелік жаттығуларға қатысты. Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушыларға тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша пайдалы ақпараттар мен практикалық ұсыныстар берілді.

