7 «А» сыныбымен өткен дәріс-семинар » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

19
февраль
2026

7 «А» сыныбымен өткен дәріс-семинар

2026 жылғы 19 ақпан күні мектебімізде 7 «А» сынып оқушыларымен «Буллинг пен қақтығыс: қақтығыс деген не және оны қалай дұрыс шешеміз?» тақырыбында дәріс-семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай облысы бойынша халықаралық құқық қорғау орталығы филиалының жетекшісі, жаттықтырушы медиатор М.Ж.Шапиев арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді.

Семинардың мақсаты – буллинг пен қақтығыс ұғымдарының айырмашылығын түсіндіру, қақтығыс жағдайында дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру және мектеп ортасында өзара құрмет пен қауіпсіз қарым-қатынасты нығайту.

Кездесу барысында маман қақтығыстың туындау себептері, оның түрлері мен салдары туралы түсіндіріп, буллингтің белгілеріне нақты тоқталды. Сонымен қатар, медиацияның рөлі, дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілдері, өзара тыңдау, эмоцияны басқару және келісімге келу мәдениеті жөнінде пайдалы ақпарат берілді. 

Практикалық бөлімде оқушылар жағдаяттық тапсырмалар орындап, рөлдік ойындар арқылы қақтығысты шешудің тиімді жолдарын талқылады. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, кез келген дауды күш қолданбай, келіссөз арқылы шешудің маңыздылығын түсінді.

Іс-шара соңында оқушыларға буллингтің алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында ұсыныстар беріліп, мектептегі қолайлы психологиялық ахуалды сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз екені атап өтілді. 

Педагог-психолог Базарова Э.Н.
Сынып жетекші Искакова Д.С.