22
январь
2026
«Заң және тәртіп» айлығы
«Заң және тәртіп» айлығы аясында 2026 жылғы 22 қаңтарда 17 мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Затонский ОП-ның аға лейтенанты Қадылбеков Н.К. және полиция лейтенанты Талаптан Е.Қ. қатысып, 5–6 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында оқушыларға «Заң және тәртіп», «Бопсалау мен буллинг фактілерінің алдын алу» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, бір-біріне құрметпен қарау, буллинг пен бопсалаудың салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай профилактикалық кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.