«ЖҮРЕКТЕР ДИАЛОГЫ» ТРЕНИНГІ ӨТТІ » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

05
март
2026

«ЖҮРЕКТЕР ДИАЛОГЫ» ТРЕНИНГІ ӨТТІ

2026 жылдың 5 наурыз күні мектебімізде қыздары мен олардың аналарының қатысуымен «ЖҮРЕКТЕР ДИАЛОГЫ» атты психологиялық тренинг өтті. Іс-шараны мектеп психологы ұйымдастырып, жүргізді.

Тренингтің мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, эмоционалды жақындықты арттыру, эмпатияны дамыту, конструктивті диалог мәдениетін қалыптастыру және отбасындағы қақтығыстардың алдын алу.

Іс-шара барысында қатысушыларға бір-бірін тыңдау, түсіну және қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түрлі жаттығулар ұсынылды. Кіріспе бөлімде қатысушылар тренинг ережелерімен танысып, ашықтық пен құпиялық қағидаттарын қабылдады. «Мен сені мақтан тұтамын» жаттығуы арқылы аналар мен қыздар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жағымды эмоциялық ахуал қалыптастырды.

Негізгі бөлімде «Ашық хат» жаттығуы ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар жүрек пішінді қағаздарға ішкі сезімдері мен тілектерін жазып, бір-біріне дауыстап оқыды. Бұл сәт аналар мен қыздардың жүректерін жақындатып, шынайы эмоциялармен бөлісуге мүмкіндік берді.

«Белсенді тыңдау» жаттығуы арқылы қатысушылар тыңдау мәдениетін меңгеріп, бір-бірінің сезімін түсінуге тырысты. Ал «Біздің ортақ күшіміз» тапсырмасы отбасының құндылықтарын айқындап, бірлік пен қолдаудың маңызын сезінуге ықпал етті.

Қорытынды бөлімде «Жүректен жүрекке» рәсімі ұйымдастырылып, аналар мен қыздар бір-біріне жүрекжарды сөздерін арнады.

Тренинг нәтижесінде:

  • эмоционалды жақындық артты;
  • ашық диалог қалыптасты;
  • сенімді қарым-қатынас нығая түсті;
  • қақтығыстардың алдын алу дағдылары дамыды.

«ЖҮРЕКТЕР ДИАЛОГЫ» тренингі ана мен қыз арасындағы байланыстың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеп, отбасы ішіндегі түсіністік пен сыйластықтың негізін нығайтуға өз үлесін қосты.