Тәлімгердің 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша жұмыс талдауы » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Тәлімгердің 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша жұмыс талдауы
30
декабрь
2025

Тәлімгердің 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша жұмыс талдауы

2025–2026 оқу жылының I жартыжылдығында тәлімгерлік жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылып, оқушылардың тәрбиелік, шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Қыркүйек айында мектеп оқушылары арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және буллингтің алдын алу мақсатында «Менің мектебім буллингке қарсы» тақырыбында челлендж және флешмоб ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 7–9 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз көзқарастарын ашық білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DOx2h7mjE-V/?igsh=MTliZmdmODVtYWFjNg==

Қазан айында Ұстаздар күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен қатар 5–9 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті ұстазымның портреті» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқау барысында оқушылар сүйікті ұстаздарының портреттерін салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.


Қазан айында 5–7 және 8–10 сыныптар арасында дәстүрлі «Күзгі бал» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың сахна мәдениетін қалыптастыру, талантты оқушыларды анықтау және актерлік шеберліктерін дамыту. Байқау келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды:

– «Күзгі сәлем!» (таныстыру);

– «Күзгі шабыт» (өнер көрсету);

– «Шығармашыл қолдар» (ұлдар – қолөнер, қыздар – тағам дайындау);

– «Алтын күз подиумы» (сән көрсетілімі).

https://www.instagram.com/reel/DP3DmlXCFXID6nTUgOV05_WO5V-l4J1ZYwhFBQ0/?igsh=MW94OXVmZHhpYmp6Mg==

https://www.instagram.com/reel/DP9HeV1E_u40tU2NrWc13rVFbIrFFv8zQbOh1w0/?igsh=MXExam8ybXZ2cTcyYw==

Сонымен қатар 1–4 сынып оқушылары арасында күз мезгіліне арналған қолөнер жұмыстары ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігі арттырылды.

Қазан айында мектеп көлемінде «Choco Day» атты көңілді шара өткізілді. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, тәтті сыйлықтар ұсынды.

https://www.instagram.com/p/DPOkQ2FiJC05jBQdnLtcjNnZmjXyDaJgoxICug0/?igsh=aXF1dTY0MHlzZTUz

25 қазан – Республика күніне арналған іс-шара туралы ақпарат.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Республика күнінің маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру.

Концерттік бағдарлама барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, мәнерлеп өлең оқыды, ұлттық билер мен сахналық қойылымдар көрсетті. Іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар белсене қатысып, мерекелік көңіл күй қалыптасты.

https://www.instagram.com/p/DQKMi9ijIfH/?igsh=dHVuaHRueHdwMXJp

https://www.instagram.com/p/DQKVi8ojKLU/?igsh=MXIwcDNsaWRvcGVyOA==

1-сынып оқушыларының «Жас Қыранға» қабылдануы

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін қолдау, патриоттық және моральдық тәрбиесін дамыту.

Іс-шара барысында оқушылар:

Мектеп ережелері мен дәстүрлерімен таныстырылды;

Сергіту ойындары мен шығармашылық тапсырмалар арқылы бір-бірімен танысты;

«Жас Қыран» аттестаттарын алды және мектеп ұжымына ресми түрде қабылданды.

https://www.instagram.com/reel/DQL6k_Mk70J/?igsh=a3RqeTR3Ym4zc2c3

5-сынып оқушыларының «Жас Ұланға» қабылдануы

Мақсаты: оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық және азаматтық тәрбие беру.

Іс-шара барысында оқушылар:

«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты мен міндеттерімен таныстырылды;

Патриоттық әндер, сергіту ойындары, шығармашылық тапсырмалар арқылы белсенділік көрсетті;

«Жас Ұлан» аттестаттарын алып, ұйым қатарына ресми түрде қабылданды.

https://www.instagram.com/p/DTQOwQJCItf31sYQQQlA0bxWFtxnLFbbIyfToQ0/?igsh=c2t5dnNmYmRob29y

«Қызғылт-сары түс – зорлық-зомбылыққа қарсы күрес!» күніне орай ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігі арттырылды.

https://www.instagram.com/reel/DSAfAXliGgc2V4gMY4f0AjvsT8cI3mF0W7Mgl40/?igsh=cjlidTN1MjY5eWFt

Сондай-ақ «Мейірімді жүрек» акциясы өткізілді. Аталған акция аясында оқушылар мейірімге толы жүрек бейнесіне ізгі тілектерін жазып, белсенді түрде қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DSAfiJCCKmv5VzRGtHLMvxy9HCuFiAv2VOkFbs0/?igsh=YWFrNzdvd3BzaXpm

Мектеп парламенті тарапынан буллингке қарсы үндеу жарияланып, мектеп ішінде бірқатар тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар оқушыларға арналған көңілді үзілістер ұйымдастырылып, 5–6 сынып оқушылары үшін жаңа жылдық мерекелік кеш өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DSJaKAfiFs_ykPxNvsG73IDOLXNlgXo2rWVw3w0/?igsh=dmZlangwZnA1YW82

Жалпы, I жартыжылдықта атқарылған тәлімгерлік жұмыстар оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектепте қолайлы тәрбиелік орта қалыптастыруға ықпал етті.