«Заң және тәртіп» аясында құқықтық сауаттылықты арттыру шарасы өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Заң және тәртіп» аясында құқықтық сауаттылықты арттыру шарасы өтті
18
февраль
2026

«Заң және тәртіп» аясында құқықтық сауаттылықты арттыру шарасы өтті



Бүгін 9–11 сынып оқушылары үшін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң нормаларын түсіндіру және құқық бұзушылыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Фильмдер оқушыларға нақты өмірлік жағдайлар арқылы заңға бағынудың, азаматтық жауапкершіліктің және құқықтық тәртіптің маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Көрсетілімнен кейін оқушылар фильмдегі жағдайларды талқылап, өз пікірлерін білдірді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдық өмірде дұрыс шешім қабылдауына да үлес қосады.