2025 жылғы 19 мамырда Дулат Бабатайұлы атындағы Семей колледжінде Ашық есік күні өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 2025 жылғы 19 мамырда Дулат Бабатайұлы атындағы Семей колледжінде Ашық есік күні өтті
19
май
2025

2025 жылғы 19 мамырда Дулат Бабатайұлы атындағы Семей колледжінде Ашық есік күні өтті

2025 жылғы 19 мамырда Дулат Бабатайұлы атындағы Семей колледжінде Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Семей қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. Аталған күн аясында №17 мектептің 9 «Г» сынып оқушылары колледжге арнайы барып, білім ордасымен жақын танысты.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің қызметін таныстыру, түрлі мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.

Ашық есік күні барысында оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы көрсетілді, түрлі мамандықтар бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылды, сонымен қатар колледж студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Колледж оқытушылары мен әкімшілігі болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап беріп, оқу үдерісі, қабылдау талаптары және гранттар туралы ақпарат берді.

Іс-шара оқушылардың жоғары қызығушылығын тудырып, олардың болашақ мамандық таңдауға деген ынтасын арттырды. Мұндай кездесулер мектеп пен колледж арасындағы байланысты нығайтып, кәсіби бағдар берудің тиімді жолдарының бірі болып табылады