9 «Б» сынып оқушылары Көлік колледжіндегі Ашық есік күніне қатысты
2025 жылдың 14 мамырында Семей қаласындағы №17 мектептің 9 «Б» сынып оқушылары Колик колледжінде өткен Ашық есік күніне қатысып, білім ордасымен танысты.
Ашық есік күні оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, колледждегі оқу бағдарламаларымен таныстыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт беру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға оқу кабинеттері, зертханалар, шеберханалар көрсетіліп, әр түрлі мамандықтар бойынша ақпарат берілді. Колледж оқытушылары мен студенттері тарапынан мамандықтардың ерекшеліктері таныстырылып, шеберлік сабақтар мен практикалық көріністер ұсынылды.
Оқушылар колледж өміріне қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтер алды. Бұл кездесу олардың болашақ таңдауына бағыт беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.