9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары Электротехникалық колледжіне экскурсия жасады
2025 жылдың 13 мамырында Семей қаласындағы №17 мектептің 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары Электротехникалық колледжге танымдық мақсаттағы экскурсия жасап, оқу орнының жұмысымен және мамандықтарымен танысты.
Экскурсияның басты мақсаты – оқушыларға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі туралы жан-жақты мағлұмат беру, колледжде оқытылатын мамандықтармен таныстыру және кәсіби бағдар беру.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттерін, шеберханаларын аралап, қазіргі заман талабына сай жабдықталған зертханалармен танысты. Сонымен қатар, оқушыларға инженерлік, энергетика және технология бағытындағы мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат берілді. Колледж оқытушылары өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар бұл экскурсиядан көптеген пайдалы мәлімет алып, болашақта қандай мамандықты таңдайтынын ой елегінен өткізуге мүмкіндік алды.