08
декабрь
2025
№17 мектептің 9 «Б» сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Геологиялық барлау колледжіне танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, геология, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау салалары бойынша заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар мамандар оқушыларға геолог мамандығының маңызы, еңбек нарығындағы сұранысы және оқу бағдарламалары жайында жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейту, техникалық және қолданбалы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру болды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.