Мектебімізде білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттері үшін «Білім беру ұйымдарында ЕББҚЕ балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбында курс өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » » Мектебімізде білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттері үшін «Білім беру ұйымдарында ЕББҚЕ балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбында курс өтті
19
апрель
2024

Мектебімізде білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттері үшін «Білім беру ұйымдарында ЕББҚЕ балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбында курс өтті

           Мектебімізде қазақ және орыс тілдерінде білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттері үшін «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбында 08.04.24-19.04.24 аралығында курс бағдарламасы өтті. Курстың  Абай облысы бойынша біздің мектепте өткізілуі № 17 мектеп  қала бойынша  ЕББҚЕ оқушылармен жұмыстарда алдыда тұрған мектептердің бірі.

Курстың мақсаты: ЕБҚ бар білім алушылардың оқуда/сабақтарда мінез-құлық ережелерін және жеке сүйемелдеу арқылы дербес оқу қызметін орындау қабілетін қалыптастыруда педагог-ассистенттің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Бағдарламаның өзектілігі;

2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазақстандық мектептерде педагог-ассистент лауазымының енгізілуі педагог-ассистент қызметіндегі қиындықтардың бірнеше факторларын айқындады: Біріншіден, педагогика мен психология қиылысындағы әртүрлі санаттағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (бұдан әрі - ЕБҚ) сүйемелдеудің айқын, нақты міндеттерін анықтау, 21-ғасырдың икемді дағдыларын дамыту, жеке білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысу, оқушының үлгерім динамикасын бақылау, ерекше баланың ата-аналарымен, сыныптастарымен, мұғалімдерімен ынтымақтастық орнату.

Екіншіден, ЕБҚ бар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша іс-әрекет түрлерін нақты айқындайтын нұсқаулар мен әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарында осы мамандық бойынша оқыту жүргізілмеуі педагог-ассистент жұмысын едәуір қиындатады.

Үшіншіден, мектепте педагог-ассистент қызметін ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау тәжірибесі жоқ, ЕБҚ балаларды сүйемелдеу үшін қажетті психологиялық-педагогикалық білімдері мен дағдылары тиісті деңгейде бола бермейтін педагогтер айналысады. Барлық аталған тиісті тармақтарды ескере отырып, бұл білім беру бағдарламасы әзірленіп, барлық облыстарда өткізіле бастады.