7 «А» сынып оқушыларымен тренинг өтті
28 қараша күні 7 «А» сынып оқушыларымен «Жүрегіңді түстермен толтыр» тақырыбында арт-терапиялық тренингі өтті. Тренингтің мақсаты – оқушылардың эмоцияларын тануына, оларды түстер мен сурет арқылы бейнелеуіне мүмкіндік беру. Оқушылар түстердің эмоциялармен байланысын талқылап, жүрек пішініндегі шаблонды өз сезімдеріне сәйкес бояды. Әр түстің мағынасын түсіндіріп, өз жұмыстарын таныстырды. Тренинг оқушылардың өзін-өзі түсінуіне, эмоциялық тұрақтылығын дамытуға және ішкі сезімін дұрыс жеткізуіне