16
апрель
2026
2026 жылғы 15 сәуір күні №17 жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларына арналған «Мемлекеттік қызметтегі мансап» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіру, осы саладағы мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру және жастарды елге қызмет етуге ынталандыру болды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлер өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қызметке орналасу жолдары, қойылатын талаптар мен кәсіби даму мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еркін форматта пікір алмасу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына ықпал етіп, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырды.