«Жас түлек – 2026» аттестат табыстау салтанаты өтті
2026 жылғы 12 маусым күні №17 жалпы орта білім беретін мектепте 9-сынып түлектеріне арналған «Жас түлек – 2026» атты аттестат табыстау салтанатты кеші өтті.
Бұл күн – оқушылардың мектеп өміріндегі маңызды белестердің бірі. Салтанатты шара барысында мектеп әкімшілігі түлектерді оқу жылын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстады.
Мерекелік кеште оқушылар мен ата-аналарға арналған құттықтау сөздер айтылып, ұстаздарға алғыс білдірілді. Түлектер мектеп қабырғасында алған білімдері мен тәлім-тәрбиелері үшін ұстаздарына ризашылықтарын жеткізіп, әсерлі әндер мен шығармашылық нөмірлер ұсынды.
Шара барысында оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, олардың жетістіктері ерекше аталып өтті. Ата-аналар да балаларын маңызды өмір кезеңімен құттықтап, ақ тілектерін арнады.
«Жас түлек – 2026» кеші түлектердің жүрегінде жарқын естелік болып сақталып, олардың алдағы білім жолына сеніммен қадам басуына рухани демеу болды.
№17 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы барлық түлектерге жарқын болашақ, толағай табыс және биік белестер тілейді! 🎓✨

