Геодезия және картография » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

27
январь
2026

Геодезия және картография


№17 мектепте геодезия және картография мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

2026 жылғы 27 қаңтар күні Семей қаласындағы №17 мектепте 9-сынып оқушыларымен геодезия және картография мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды геодезия және картография салаларының ерекшеліктерімен таныстыру, аталған мамандықтардың қоғамдағы маңызын түсіндіру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.

Кездесу барысында оқушыларға геодезия және картография саласының негізгі бағыттары, заманауи өлшеу құралдары, оқу орындары, сондай-ақ еңбек нарығындағы сұраныс туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сала мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беруде оң нәтиже көрсетті. Кездесу соңында оқушылар белсенділік танытып, пайдалы ақпарат алды.