«Study in Kazakhstan» кәсіби бағдар беру көрмесі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

09
апрель
2026

«Study in Kazakhstan» кәсіби бағдар беру көрмесі


2026 жылғы 9 сәуір күні Семей қаласында 11 сынып оқушыларына арналған халықаралық «Study in Kazakhstan» кәсіби бағдар беру көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастырды.

Көрме Шәкәрім университеті базасында өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге еліміздегі және шетелдегі жоғары оқу орындары туралы ақпарат беру, кәсіби бағдар қалыптастыру және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмектесу.

Аталған көрмеге қала мектептерінен, оның ішінде №17 мектептің 10–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, түрлі жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, білім беру бағдарламалары, грант мүмкіндіктері және қабылдау шарттары туралы толық ақпарат алды.