Алихан Бөкейханов атындағы университет.Ашық есік күні
2026 жылғы 29 сәуір күні Алихан Бөкейханов атындағы университетте 11-сынып оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Аталған шараға Семей қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – талапкерлерге оқу орны туралы толық ақпарат беру, мамандықтармен таныстыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар көрсету болды.
Ашық есік күні барысында оқушылар университеттің оқу үдерісімен, факультеттерімен, білім беру бағдарламаларымен танысты. Сонымен қатар, университет өкілдері талапкерлерге қабылдау шарттары, грант мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы кеңінен мәлімет берді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұндай шаралар мектеп бітіруші түлектердің кәсіби бағдарын айқындауға және саналы түрде мамандық таңдауына үлкен ықпал етеді.![]()
![]()

