ҚР ҰҚК-нің Абай облысы бойынша департаменті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » ҚР ҰҚК-нің Абай облысы бойынша департаменті
16
сентябрь
2026

ҚР ҰҚК-нің Абай облысы бойынша департаменті


Жастарға кәсіби бағдар беру: күштік құрылымдардағы қызмет туралы кездесу өтті

2026 жылғы 16 қыркүйекте №17 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттық кездесуге қатысты.

Кездесу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған 11-сынып түлектеріне арналған іс-шара аясында өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға күштік құрылымдарда қызмет ету мүмкіндіктері, аталған саладағы мамандықтар, қызмет бағыттары және болашақ мамандықты таңдауға қатысты маңызды ақпараттар берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті мәліметтер алды.

Кездесуге мектептің 11-сынып оқушылары, сынып жетекшілері және педагог-профориентатор қатысты.

🎯 Мұндай кездесулер оқушылардың кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт береді.