Семейде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №17 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен патриоттық іс-шара өтті
СЕМЕЙ, 2026 жылғы 1 маусым – Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Семей қаласының орталық Арбат алаңында мектеп оқушылары арасында ауқымды патриоттық және спорттық іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Семей қаласының білім бөлімінің бастамасымен өткен бұл шара өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді ұялатуды, салауатты өмір салтын насихаттауды және балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат етті.
Аталған айтулы шараға Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім берегуді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік Дарын орталығының» жоспарына сәйкес қаланың бірқатар білім беру мекемелері белсенді атсалысты. Солардың қатарында №17 жалпы орта білім беретін мектептің 10 үздік әрі белсенді оқушысынан құралған құрама команда мектеп намысын жоғары деңгейде қорғап қайтты.
Мерекелік бағдарлама аясында оқушылар арасында келесідей тартысты және қызықты жарыстар өткізілді:

