Әлеуметтік педагогтың 2025–2026 оқу жылы бойынша жылдық талдамалы есебі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Әлеуметтік педагогтың 2025–2026 оқу жылы бойынша жылдық талдамалы есебі
01
июнь
2026

Әлеуметтік педагогтың 2025–2026 оқу жылы бойынша жылдық талдамалы есебі


Әлеуметтік педагогтың 2025–2026 оқу жылы бойынша жылдық талдамалы есебі


Әлеуметтік педагог: Базарова Н.С.

Мақсаты

Оқушылардың әлеуметтік жағдайын бақылау, әлеуметтік осал топтағы білім алушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу, білім алушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасау, сондай-ақ әлеуметтік қолдау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру.

1. Жалпы мәліметтер

2025–2026 оқу жылында №17 жалпы орта білім беретін мектепте әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілді. Мектептегі оқушылардың жалпы саны – 799 оқушы.

Әлеуметтік педагог тарапынан оқушылардың әлеуметтік жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп, әлеуметтік санаттағы білім алушылардың деректер базасы жаңартылып отырды.

Тегін ыстық тамақпен қамту:

• 1–4 сынып оқушылары – 307 оқушы

• 5–11 сыныптар арасындағы әлеуметтік санаттағы оқушылар – 61 оқушы

Ерекше санаттағы балалар:

• Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар – 3

• Оның ішінде патронаттық тәрбиедегі бала – 1

2. Әлеуметтік көмек және «Мектепке жол» акциясы

2025–2026 оқу жылының басында республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8 оқушыға кеңсе тауарлары жиынтығы табысталды.

3. Сауықтыру және демалыс шаралары

Көп балалы отбасынан шыққан 2 оқушы Қонаев және Щучинск қалаларындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына тегін жолдамамен жіберілді.

4. Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар

Президент шыршасы:

http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/adal-azamat/2390-stafurova-dilnaz-prezident-shyrshasyna-atysty.html 

Қала әкімінің шыршасы:

http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/adal-azamat/2384-ala-kmn-zhaa-zhyldy-shyrshasyna-oushylar-atysty.html 


5. Демеушілермен жұмыс және қайырымдылық

«2GIS» ЖШС қолдауымен 5 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

Әлеуметтік қолдау:

http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/leumettk-pedagog/2410-zhaa-zhyl-arsaynda-leumettk-oldau-krsetld.html 

Алғыс хат:

http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/leumettk-pedagog/2399-too-2gis-semey-basshylyyna-alys-hat-tabystaldy.html 

6. «Мейірім» акциясы

http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/leumettk-pedagog/2403-zhaa-zhyl-arsaynda-17-mektept-leumettk-pedagogy-bazarova-ns-balalar-jnde-trbielenp-zhatan-ahmetov-ajdosty-mektep-zhymy-atynan-arnajy-ttytap-bardy.html 

7. «Жаңа жылдық ғажайып» қайырымдылық акциясы

http://semey-17.edu.kz/trbie-zhmysy/leumettk-pedagog/2411-zhaa-zhyldy-azhajyp-ajyrymdyly-akcijasy-ajasynda-jden-oityn-oushylara-zhaa-zhyldy-tttler-tabystaldy.html 

8. Қолайсыз отбасылармен жұмыс

Қолайсыз есепте тұрған 1 отбасымен кешенді жұмыс жүргізілді.

9. Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары

Затон полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 кездесу өткізілді.


10. SWOT талдау

Күшті жақтары:

• Әлеуметтік жұмыстардың жүйелі ұйымдастырылуы

• Межведомстволық байланыстардың тиімділігі

• Қайырымдылық жұмыстарының белсенді жүргізілуі

Әлсіз жақтары:

• Кейбір ата-аналардың әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі

• Қолайсыз отбасылармен жұмыстың ұзақ мерзімді нәтиже беруі

Мүмкіндіктер:

• Әлеуметтік жобаларды көбейту

• Демеушілер қатарын арттыру

Қауіптер:

• Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық тәуекелі

• Әлеуметтік желілердің кері әсері

Келесі оқу жылына ұсыныстар

  • Әлеуметтік санаттағы оқушылардың деректер базасын тұрақты түрде жаңартып, мониторинг жұмыстарын күшейту; 
  • Қолайсыз және әлеуметтік осал топтағы отбасылармен профилактикалық жұмыстарды жүйелі жалғастыру; 
  • Ата-аналардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын көбейту; 
  • Құқықбұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бағытындағы кездесулер мен тренингтер санын арттыру; 
  • Психолог, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілерінің бірлескен жұмыстарын жетілдіру; 
  • Оқушыларға арналған әлеуметтік-психологиялық қолдау шараларын күшейту; 
  • Үйден оқитын және ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау жұмыстарын жалғастыру; 
  • Қайырымдылық және демеушілік ұйымдармен серіктестікті кеңейту; 
  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында сауықтыру және демалыс бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін арттыру; 
  • Әлеуметтік жобалар мен тәрбиелік іс-шараларды көбейту арқылы оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту; 
  • Қыз балалар тәрбиесі, ерте жүктіліктің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті бойынша жұмыстарды жалғастыру.


Қорытынды

2025–2026 оқу жылында әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жоспарға сәйкес толық көлемде жүзеге асырылды.


Әлеуметтік педагог: ____________ Базарова Н.С.