📰 Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы өтті
2026 жылғы 7 сәуір күні №17 ЖОББМ КММ-де құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің №8 отырысы өткізілді. Кеңеске мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар, әлеуметтік педагог, сынып жетекші, сондай-ақ 9 «Ә» сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.
Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ буллинг, ақша бопсалау және ұрып-соғу фактілері қаралды. Отырыс барысында мектеп директоры орын алған жағдай бойынша ата-аналарға толық ақпарат беріп, тәртіп пен жауапкершілікті күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Талқылау нәтижесінде буллинг және құқықбұзушылық әрекеттеріне қатысы бар 6 оқушы мектепішілік есепке алынып, олармен профилактикалық және түзету жұмыстары жүргізілетін болды. Сонымен қатар, сынып жетекші мен әлеуметтік педагог тарапынан бақылау күшейтіліп, ата-аналарға балалардың тәртібіне тұрақты назар аудару міндеттелді.
Мектеп тарапынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.![]()
![]()

