Жасөспірімдер арасында бопсалаудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Жасөспірімдер арасында бопсалаудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
10
апрель
2026

Жасөспірімдер арасында бопсалаудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 10 сәуір күні Затон полиция бөлімінің полиция лейтенанты Нуржигтов Руслан Толеуханович №17 жалпы білім беретін мектепте 8 «В», 10 «А», 10 «Ә», 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушыларымен «Бопсалау. Қорқытып алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, бопсалау мен қорқытып алу әрекеттерінің құқықтық салдарын түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу барысында полиция қызметкері бопсалау ұғымына түсінік беріп, мұндай құқықбұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, оқушыларға күмәнді жағдайларға тап болған кезде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндіріліп, құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгінудің маңыздылығы жеткізілді.

Әңгіме барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.