Мектепте құқық бұзушылық, буллинг және әлімжеттік мәселелері бойынша жедел жиналыс өткізілді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Мектепте құқық бұзушылық, буллинг және әлімжеттік мәселелері бойынша жедел жиналыс өткізілді
07
апрель
2026

Мектепте құқық бұзушылық, буллинг және әлімжеттік мәселелері бойынша жедел жиналыс өткізілді

Білім беру ұйымында 9 «Ә»-сынып оқушыларының арасында орын алған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг және әлімжеттік фактілеріне байланысты педагогикалық ұжыммен жедел жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – аталған келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқушылар арасында қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ педагогтардың жауапкершілігін арттыру болды.
Жиналыс барысында:
  • орын алған жағдайлар жан-жақты талқыланды;
  • құқық бұзушылықтың себептері мен алғышарттары сараланды;
  • буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу бойынша нақты шаралар белгіленді;
  • сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің және мектеп психологының бірлескен жұмысы күшейтілетіні айтылды.
Сонымен қатар, оқушылармен жеке және топтық профилактикалық жұмыстар жүргізу, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, құқықтық тәрбие беру бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттілігі атап өтілді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.