"Өрлеу" облыстык педагогтардың біліктілікті арттыру курсында мектебіміздің педагог-ассистенттері өз іс тәжірибелерімен бөлісті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » » "Өрлеу" облыстык педагогтардың біліктілікті арттыру курсында мектебіміздің педагог-ассистенттері өз іс тәжірибелерімен бөлісті
16
апрель
2024

"Өрлеу" облыстык педагогтардың біліктілікті арттыру курсында мектебіміздің педагог-ассистенттері өз іс тәжірибелерімен бөлісті

          Білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттері үшін «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу бойынша педагог-ассистенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту» тақырыбында 08.04.24-19.04.24 аралығында өткен біліктілікті арттыру курсында мектебіміздің  педагог-ассистенттері Абишева М.Б, Өтепбаева З.Қ, Казизов А.Е, Жубайханова А.Ш, Кусайынова І.Б, Жумабекова А.З, Оспанова А.Б, Рамазанова А.С, Байжуманова Б.М, Оразғали А.О өз іс тәжірибелерімен бөлісті.  
        
Курстан күтілетін нәтижелер:

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:

- жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес ЕБҚ бар баланы сүйемелдеу үшін педагог-ассистент мазмұнын, әдістерін, тәсілдерін, нысандарын айқындайды;

- ЕБҚ бар баланы дамыту үшін педагогикалық қолдау әдістемелерін, арт-терапия әдістерін, танымдық дағдыларды, коммуникацияны, сыни ойлау дағдыларын, театрландырылған ойындарды, дербес дағдыларды қолданады;;

-ЕБҚ бар балалардың агрессивті және эмоционалды мінез-құлқы жағдайында, оларды білім беру процесіне қатыстыру қиындықтарында, ЕБҚ бар баланың қажеттіліктері мен әлеуметтенуін бағалау кезінде шешім қабылдау әдістерін қолданады;

-ЕБҚ бар баланы оқытуда қолдайтын қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру үшін оқушының жеке білім беру бағдарламасының даму динамикасын және іске асырылуын күнделік бақылауларының мониторингі негізінде зерттеу (Action research) жүргізеді.









Іс-тәжірибе тарату сәтінен; 
 Іс -тәжірибе тарату сәтінен