«Балдырған» мектеп жанындағы лагерьде Рәміздер күні аталып өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Балдырған» мектеп жанындағы лагерьде Рәміздер күні аталып өтті
30
май
2025

«Балдырған» мектеп жанындағы лагерьде Рәміздер күні аталып өтті


2025 жылдың 30 мамырында №17 мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы лагері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің символы.

Іс-шара таңертең Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалумен басталды. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен мәні туралы ақпарат беріліп, викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Балалар өз қолдарымен ту бейнесіндегі аппликациялар жасап, патриоттық әндер шырқап, флешмобқа қатысты.

Мерекелік іс-шарадан кейін лагерь тәрбиеленушілері қалалық биологиялық орталыққа экскурсияға барды. Балалар түрлі жануарлармен танысып, өсімдіктер әлемін тамашалады. Бұл сапар балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Оқушылар ерекше әсермен оралды. Рәміздерге құрмет пен табиғатқа сүйіспеншілік дарытқан бұл күн олардың жадында ұзақ сақталары анық.