Балалар мәдени мұрамен танысты » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

29
май
2025

Балалар мәдени мұрамен танысты

Мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы лагерь балалары “Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіне” танымдық саяхат жасады. Бұл іс-шара балалардың мәдени сауатын арттыру, өнерге қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды.
Саяхат барысында балалар қазақ және әлем өнерінің классиктерімен, заманауи суретшілердің туындыларымен танысты. Мұражай қызметкерлері экскурсия жүргізіп, әрбір залдағы туындылар туралы қызықты мәліметтер айтып берді. Балалар тарихи және көркем суреттерді тамашалап, өнер туындыларының жасалу тарихымен танысты.
Іс-шара балаларға эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, туған өлкеміздің мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейтті. Лагерь тәрбиешілерінің айтуынша, мұндай экскурсиялар балалардың дүниетанымын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.