«Балдырған» жазғы лагері балалары «Дастан» кинотеатрында
2025 жылдың 4 маусымында №17 мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы демалыс лагері аясында демалушылар үшін көңілді әрі танымдық мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Балалар қаладағы «Дастан» кинотеатрына барып, әлемге әйгілі «Лило және Стич» анимациялық фильмін тамашалап қайтты.
Фильм балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Көңілді сюжет пен достық, отбасылық құндылықтар туралы ой қозғайтын оқиға лагерь тәрбиеленушілеріне ерекше әсер сыйлады. Балалар экрандағы оқиғаларды ынта-ықыласпен бақылап, фильм кейіпкерлерімен бірге күліп, кейде толқып отырды.
Киносапардың басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру, жағымды эмоциялар сыйлау болды. Сапар соңында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, ұнаған сәттері туралы әңгімеледі.
Мұндай шаралар оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге және ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.


