"Балдырған" жазғы лагері Абай мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » "Балдырған" жазғы лагері Абай мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды
03
июнь
2025

"Балдырған" жазғы лагері Абай мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды


2025 жылдың 3 маусымында №17 мектебі жанындағы «Балдырған» жазғы демалыс лагері аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған Абай мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Сапардың мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, тарихи-мәдени мұраны дәріптеу арқылы патриоттық тәрбие беру.

Мұражайда балалар Абайдың өмір жолы, отбасы, шығармалары, қолданған заттары мен сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігі жайлы мол мағлұмат алды. Экскурсия жетекшілері балалардың қызығушылығын оятып, ақын шығармалары бойынша қызықты мәліметтермен бөлісті.

Іс-шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өздеріне ұнаған жәдігерлер жайлы әңгімеледі. Бұл саяхат балалардың тарихи санасын қалыптастырып, мәдени дүниетанымын кеңейтуге үлкен септігін тигізді.