«Интернет алаяқтық пен лудоманиядан өзіңді қалай қорғайсың?» видеоролигі көрсетілді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Интернет алаяқтық пен лудоманиядан өзіңді қалай қорғайсың?» видеоролигі көрсетілді
26
май
2026

«Интернет алаяқтық пен лудоманиядан өзіңді қалай қорғайсың?» видеоролигі көрсетілді

Білім беру ұйымында оқушылар мен ата-аналарға арналған «Интернет алаяқтық пен лудоманиядан өзіңді қалай қорғайсың?» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі алаяқтық әрекеттердің алдын алу және құмар ойындардың зияны туралы түсіндіру.

Видеоролик барысында интернеттегі күмәнді сілтемелер мен жалған жарнамалардан сақтану, жеке мәліметтерді қорғау, бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін бермеу секілді маңызды қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, лудоманияның адам өміріне, психологиялық жағдайына және отбасылық қарым-қатынасқа тигізетін кері әсері айтылды.

Кездесу соңында қатысушыларға қауіпсіз интернетті пайдалану, қаржылық сауаттылықты арттыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Мектеп ұжымы өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен саналы өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.