ДосболLIKE » Страница 2 » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

10 «А» сыныбымен тренинг өтті
27
январь
2026
10 «А» сыныбымен тренинг өтті
2026 жылдың 27 қаңтар күні мектеп психологі Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3 курс машықкері Бегарысқызы Нұржанның ұйымдастыруымен 10 «А» сыныбында психологиялық тренинг  өтті. Тренингтің тақырыбы: «Стресс және оны басқару жолдары». Тренингтің мақсаты – оқушылардың стресс туралы түсінігін кеңейту, стрессті тануға және оны жеңілдету тәсілдерін үйрету. Іс-шара барысында оқушылар стресс ұғымымен танысып, өздерінің стресс көздерін
3 «Б» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті
22
январь
2026
3 «Б» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті
2026 жылдың 22 қаңтар күні  3 «Б» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен ата-аналар жиналысы аясында психологиялық бағыттағы «Байқампаздық» әдісі өткізілді. Аталған жаттығудың негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі зейінін, ұқыптылығын және күнделікті қарым-қатынастағы байқампаздық деңгейін анықтау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланыстың маңызын сезіндіру болды. Жаттығу барысы:  Ата-аналар жұптасып, бір-біріне арқаларын түйістіріп отырды. Жүргізуші тарапынан
7 «А» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті
22
январь
2026
7 «А» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті
2026 жылғы 22 қаңтарда 7 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен психологиялық тренинг   өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі психологиялық жауапкершілігін арттыру, ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестікті нығайту. Іс-шара барысында ата-аналар белсенді қатысып, өзара қарым-қатынасты, байқампаздық пен қолдаудың маңызын тәжірибе арқылы сезінді. «Байқампаздық» психологиялық жаттығуы  Жаттығудың мақсаты – ата-аналардың баланың сыртқы келбеті, эмоциялық күйі мен
2 «Б» сыныбы оқушыларымен профилактикалық әңгіме өтті
05
декабрь
2025
2 «Б» сыныбы оқушыларымен профилактикалық әңгіме өтті
5 желтоқсан күні 2 «Б» сыныбымен «Кибербуллинг: әркім білуі керек» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.  Іс-шара барысында оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, кибербуллингтің түрлері, оның психологиялық салдары және одан қорғану жолдары түсіндірілді. Педагог-психолог онлайн мәдениетті сақтау, жеке деректерді құпия ұстау және желідегі этика нормаларын ұстану қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, зиянды контентке тап болған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігі
7 «А» сынып оқушыларымен тренинг өтті
28
ноябрь
2025
7 «А» сынып оқушыларымен тренинг өтті
28 қараша күні 7 «А» сынып оқушыларымен «Жүрегіңді түстермен толтыр» тақырыбында арт-терапиялық тренингі өтті. Тренингтің мақсаты – оқушылардың эмоцияларын тануына, оларды түстер мен сурет арқылы бейнелеуіне мүмкіндік беру. Оқушылар түстердің эмоциялармен байланысын талқылап, жүрек пішініндегі шаблонды өз сезімдеріне сәйкес бояды. Әр түстің мағынасын түсіндіріп, өз жұмыстарын таныстырды. Тренинг оқушылардың өзін-өзі түсінуіне, эмоциялық тұрақтылығын дамытуға және ішкі сезімін дұрыс жеткізуіне
5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өтті
21
ноябрь
2025
5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өтті
21 қараша күні 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тақырыбында психологиялық бейімдеу тренингі өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде туындайтын эмоциялық, әлеуметтік және танымдық өзгерістерге психологиялық қолдау көрсету, олардың жаңа ортаға сәтті бейімделу ресурстарын күшейту. Психологиялық міндеттері: Баланың «орта буын оқушысы» ретіндегі жаңа әлеуметтік рөлін қабылдауына мүмкіндік беру; Өзіндік бағалауды, өзін-өзі тануды,
6 «Ә» сыныбы оқушыларымен тренинг өтті
13
ноябрь
2025
6 «Ә» сыныбы оқушыларымен тренинг өтті
13 қараша күні   6 «Ә» сынып оқушыларымен «Достасайық» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты – оқушылар арасындағы шын достықты нығайту ,  бір-бірін тереңірек танып-білуге жағдай жасау , сондай-ақ сыныпта эмоциялық жағымды атмосфера қалыптастыру  болды. Бұл кездесуде әр оқушы өз ойын ашық білдіріп, шығармашылық қабілетін көрсете алды.  Жаттығулар барысында балалар: бір-біріне сенім артуға үйренді; өзара түсіністік пен сыйластықты сезінді; ортақ жұмыс арқылы топтық бірлікті
5 «Ә» сынып оқушыларымен тренинг
10
ноябрь
2025
5 «Ә» сынып оқушыларымен тренинг
10 қараша күні 5 «Ә» сынып оқушылары үшін көңілді, шабытқа толы «Жалғастырайық!» атты ойын-тренинг өткізілді. Бұл ойын оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып қана қоймай, бір-біріне сенім мен қолдау көрсетудің маңыздылығын ұғындырды. Оқушылар шағын топтарда бірігіп, қиялға ерік беріп, түрлі оқиғалардың жалғасын ойлап тапты. Әрбір идея ерекше, шынайы қуаныш пен күлкіге толы болды. Оқушылардың бойында шығармашылық жігер, бірлік рухы және өзіне сенімділік  артты. Тренинг соңында балалар өз