«Құқық бұзушылықтың алдын алу: полиция қызметкерлерімен профилактикалық кездесу»
2026 жылғы 22 сәуір күні Затон полиция бөлімшесінің полиция лейтенанттары Рахимова Дина Ерболовна және Нуржигтов Руслан Төлеуханович 10 «А», 10 «Ә», 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша түсіндірме беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды ақпараттар ұсынылды.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапкершілікті күшейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі түсінікті жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және жауапты азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
Кездесу соңында мектеп ұжымы полиция қызметкерлеріне жасөспірімдермен жүргізілген мазмұнды әрі пайдалы әңгіме үшін алғыс білдірді.
Осындай бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

