«Жгутпен қолды бүгіп-жазу» тақырыбында қол күрес үйірмесі өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Жгутпен қолды бүгіп-жазу» тақырыбында қол күрес үйірмесі өтті
23
январь
2026

«Жгутпен қолды бүгіп-жазу» тақырыбында қол күрес үйірмесі өтті

№17 мектепте қол күрес үйірмесінің сабағы «Гутпен қолды бүгіп-жазу, үстелде жаттығу 30 рет» тақырыбында өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың қол бұлшықеттерін нығайту, күшін арттыру және дұрыс техника қолдану дағдыларын жетілдіру болды.

Сабақ барысында оқушылар үстел үстінде жаттығу жасап, әр қолды 30 рет бүгіп-жазу арқылы күшін тексеріп, бұлшықеттерін жаттықтырды. Жаттығуларға арнайы гуттар қолданылып, оқушылардың төзімділігі мен шапшаңдығы дамытылды. Үйірме жетекшісі әрбір қатысушының техникасын бақылап, дұрыс орындалмаған жаттығуларға түзету енгізді.

Сабақ барысында оқушылар өзара бәсекелесіп, бір-бірінің күшін бағалап, спорттық рухтарын арттырды. Сонымен қатар, бұл жаттығулар оқушыларға төзімділікті, шапшаңдықты, назар аударуды және күшті дұрыс бағытта қолдануды үйретті.