8 «А» сыныбымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

21
апрель
2026

8 «А» сыныбымен тренинг өтті

2026 жылдың 21 сәуір күні мектеп психологы Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 2 курс машықкерлері Мейрамқанова Әлима мен Чурбаева Гүлназдың ұйымдастыруымен 8 «А» сыныбында психологиялық тренинг өткізілді. 

Тренингтің тақырыбы:«Менің көңіл-күйім-эмоцияларды тану»

Бұл тренингтің негізгі мақсаты – қатысушыларға эмоция ұғымын түсіндіру және өздерінің ішкі көңіл күйін дұрыс танып, ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Тренинг барысында оқушылар әртүрлі эмоция түрлерін (қуаныш, мұң, қорқыныш, ашу, таңдану және т.б.) анықтап, олардың қандай жағдайларда пайда болатынын түсінуге мүмкіндік ала алды. Оқушылар тренингтен өте жақсы әсер алды. Олар тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, өз көңіл күйлерін анықтауға белсенді түрде атсалысты. Әсіресе эмоцияларды тануға арналған жаттығулар оқушыларға ерекше ұнап, олар өз сезімдерін ашық айтып, еркін жеткізуге тырысты. 

Тренинг барысында оқушылардың белсенділігі айқын байқалды: олар қойылған сұрақтарға ойланып жауап беріп, өз ойларын жеткізуге ұмтылды. Көпшілігі өздерінің қандай эмоцияны жиі сезінетінін айтып, сол сезімдердің қашан және не себепті пайда болатынын түсіндіруге талпынды. Бұл олардың өз ішкі күйіне назар аударып, өзін жақсырақ түсіне бастағанын көрсетті.

Жетекші машықкердің жұмысына әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіп, орын алған кемшіліктерді түзетуге және жаттығуларды тиімді ұйымдастыруға бағыт-бағдар ұсынды.

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Бейсембаева Н.Е.