«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»
14
май
2026

«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»

2026 жылғы 14 мамыр күні Затон ПБ-нің полиция майоры Кульджабаев Қуаныш Серікұлы 10 «А», 10 «Ә», 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі және қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға зиянды әдеттердің зияны мен құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы айтылды.

Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу тәрбиелік және профилактикалық бағытта ұйымдастырылды.