ББЖМ-ға дайындық: 9 «Ә» сыныбымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » ББЖМ-ға дайындық: 9 «Ә» сыныбымен тренинг өтті
04
май
2026

ББЖМ-ға дайындық: 9 «Ә» сыныбымен тренинг өтті

Мектебімізде 9 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Сәттілікке қадам: дайындық және мотивация» атты психологиялық тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты: Оқушылардың емтихан алдындағы үрейін басу, психологиялық төзімділігін арттыру және тиімді дайындық дағдыларын қалыптастыру.

Тренинг жылы лебізбен «Көңіл-күй сызығы» жаттығуынан басталды. Оқушылар шеңберге тұрып, өздерінің ішкі күйін бір сөзбен немесе қимылмен жеткізді. Бұл қатысушылар арасында сенімділік пен жайлы атмосфера орнатуға мүмкіндік берді.

Оқушылар «Құлақ-мұрын» және «Жалқау сегіздіктер» жаттығуларын орындау арқылы мидың екі жарты шарын іске қосты. Бұл жаттығулар зейінді шоғырландырып, оқу процесін жеңілдетуге көмектеседі. 

Емтихан кезінде паника басталса, тез жинақталудың тиімді жолы ретінде «5-4-3-2-1» әдісі үйретілді. Оқушылар айналасындағы заттар мен дыбыстарға назар аудару арқылы мазасыздықты сейілтуді үйренді.

«Атомдар мен молекулалар» және «көшбасшыға ілес» қозғалыс ойындары оқушылардың энергиясын көтеріп, бірлігін нығайтты. Тренинг соңында оқушылар «Сенім хаты» арқылы бір-біріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

40 минуттық тренинг оқушыларға тек білім ғана емес, сонымен қатар ішкі тыныштық пен сенімділік сыйлады. Қатысушылар емтиханға тек біліммен ғана емес, мықты мотивациямен баратындарын жеткізді. «Жеңіске жетудің алғашқы қадамы — өзіңе сену!»

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Шаяхметова К.Р.