9-сынып оқушыларына арналған «ББЖМ: Психологиялық дайындық және сенімділік» тренингі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » 9-сынып оқушыларына арналған «ББЖМ: Психологиялық дайындық және сенімділік» тренингі
06
май
2026

9-сынып оқушыларына арналған «ББЖМ: Психологиялық дайындық және сенімділік» тренингі

6 мамыр күні мектебімізде 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен алдағы білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ/МОДО) және қорытынды емтихандар алдындағы мазасыздықты басу мақсатында арнайы психологиялық тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты: Сынақ алдындағы үрейді жеңу - тек білімге ғана емес, сонымен қатар ішкі дайындыққа да байланысты.

Оқушылар тек теориялық кеңестер алып қана қоймай, практикалық жаттығулар арқылы психологиялық жүктемеден арылудың жолдарын үйренді:

  1. «Қағаздан жаңбыр» ойыны: Оқушылар өздерінің сенімділік деңгейін (пайызбен), қиын пәндерін және уақыт үнемдеу әдістерін (лайфхактар) талқылады. Бұл жаттығу «мен жалғыз емеспін» деген сезім ұялатып, өзара қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.
  2. Қорқынышпен жұмыс: Психолог қорқыныштың екі себебін түсіндірді: өзіне сенімсіздік және нәтиженің болмай қалуынан үрейлену. Оқушылар қорқыныштың табиғи құбылыс екенін және оны басқару арқылы мотивацияға айналдыруға болатынын ұғынды.
  3. «Алтын кілт» релаксациясы: Тыныс алу жаттығулары арқылы бойдағы жағымсыз энергиядан арылып, ішкі тыныштықты сақтау әдістері көрсетілді.
  4. Шарлармен эксперимент: Стресстің қалай пайда болатынын және оны қалай «шығарып жіберу» керектігін шарлар арқылы көрнекі түрде сезінді. Ата-ана мен мұғалімнің талабы — бұл қысым емес, қамқорлық екенін түсінген сәтте, шардың ауасымен бірге іштегі кернеу де тарқады.

Психолог кеңесі: Қорқынышты қалай жеңеміз? «Қорқыныш бар жерде күш те, мотивация да бар. Қорқыныштың болуы қатерлі емес, оған бой алдыру қатерлі. Психологиялық дайындық — бұл тек тест кезінде өзіңді ұстау емес, маңызды сәтте бүкіл зейініңді бір арнаға жұмылдыра білу».

Тренинг соңында оқушылар «Күн», «Бұлт», «Жасыл шөп» суреттерін салу арқылы өз әсерлерімен бөлісті. Көптеген оқушылар емтихан алдындағы үрейдің азайғанын және өздерін әлдеқайда жинақы сезінетіндерін атап өтті.

9-сынып оқушыларына сәттілік тілейміз! Сіздердің қолдарыңыздан бәрі келеді!

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Барлыбаева К.А.