6 «А» сыныбымен тренинг
2026 жылдың 3 ақпан күні мектеп психологі Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3 курс машықкері Бегарысқызы Нұржанның ұйымдастыруымен 6 «А» сыныбында «Бірге болсақ-күшпіз!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг «Атың + қимыл жаса» жаттығуынан басталып, оқушылар бір-бірімен танысып, еркін атмосфера қалыптасты. Одан кейін «Сұрақпен доп» ойыны арқылы балалар өз ойлары мен сезімдерін ашық айтып, бір-бірін жақынырақ тани түсті. «Қимыл-сигнал» сергіту жаттығуы оқушыларды белсенді қозғалысқа тартып, көңіл-күйді көтерді. «Ортақ сурет – Бақытты сынып» жаттығуында оқушылар бірлесіп сурет салып, командалық жұмыстың маңызын сезінді.
Тренинг соңында «Смайликпен көңіл-күй» рефлексиясы жүргізіліп, балалар алған әсерлерімен бөлісті.
Жетекші тарапынан машықкердің тренинг жүргізу дағдылары бағаланып, болашақ кәсіби қызметінде қолдануға арналған әдістемелік ұсыныстар берілді.

