Психологиялық қызмет » Страница 6 » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

2 «Б» сыныбы оқушыларымен профилактикалық әңгіме өтті
05
декабрь
2025
2 «Б» сыныбы оқушыларымен профилактикалық әңгіме өтті
5 желтоқсан күні 2 «Б» сыныбымен «Кибербуллинг: әркім білуі керек» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.  Іс-шара барысында оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, кибербуллингтің түрлері, оның психологиялық салдары және одан қорғану жолдары түсіндірілді. Педагог-психолог онлайн мәдениетті сақтау, жеке деректерді құпия ұстау және желідегі этика нормаларын ұстану қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, зиянды контентке тап болған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігі
7 «А» сынып оқушыларымен тренинг өтті
28
ноябрь
2025
7 «А» сынып оқушыларымен тренинг өтті
28 қараша күні 7 «А» сынып оқушыларымен «Жүрегіңді түстермен толтыр» тақырыбында арт-терапиялық тренингі өтті. Тренингтің мақсаты – оқушылардың эмоцияларын тануына, оларды түстер мен сурет арқылы бейнелеуіне мүмкіндік беру. Оқушылар түстердің эмоциялармен байланысын талқылап, жүрек пішініндегі шаблонды өз сезімдеріне сәйкес бояды. Әр түстің мағынасын түсіндіріп, өз жұмыстарын таныстырды. Тренинг оқушылардың өзін-өзі түсінуіне, эмоциялық тұрақтылығын дамытуға және ішкі сезімін дұрыс жеткізуіне
5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өтті
21
ноябрь
2025
5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тренингі өтті
21 қараша күні 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» тақырыбында психологиялық бейімдеу тренингі өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңінде туындайтын эмоциялық, әлеуметтік және танымдық өзгерістерге психологиялық қолдау көрсету, олардың жаңа ортаға сәтті бейімделу ресурстарын күшейту. Психологиялық міндеттері: Баланың «орта буын оқушысы» ретіндегі жаңа әлеуметтік рөлін қабылдауына мүмкіндік беру; Өзіндік бағалауды, өзін-өзі тануды,
11-сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша  диагностикалық жұмыс
17
ноябрь
2025
11-сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша диагностикалық жұмыс
17 қараша күні мектеп психологы тарапынан 11  «А» және 11 «Ә» сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру аясында диагностикалық жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс қазіргі түлектердің болашақ мамандықты дұрыс, саналы және жеке қабілеттеріне сай таңдауларына бағытталған. Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін және тұлғалық ерекшеліктерін анықтау; Кәсіби бейімділік деңгейін бағалау; Болашақ мамандықты таңдауда жеке ерекшеліктерді ескере отырып бағыт беру; Оқушыларға өзін-өзі тануға, өз
«Жалғастырайық!» ойыны өткізілді
14
ноябрь
2025
«Жалғастырайық!» ойыны өткізілді
14 қараша күні  3 «Б» сынып оқушыларымен көңілді әрі танымдық «Жалғастырайық!» ойыны өтті. Мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту , бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту , сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және эмоциялық көңіл-күйді көтеру . «Жалғастырайық» ойыны балалардың қиялын дамытып, ұжымда бірлесе жұмыс істеуді үйрететін тиімді психологиялық жаттығу болып табылады. Оқушылар ойды жалғастыру, сөйлемді толықтыру, өз ойларын еркін жеткізу арқылы шығармашылық
14 қараша — 9 «Ә» сынып ата-аналарымен өткен «Жүрек лебізі» тренингі
14
ноябрь
2025
14 қараша — 9 «Ә» сынып ата-аналарымен өткен «Жүрек лебізі» тренингі
14 қараша күні ата-аналармен «Жүрек лебізі» атты тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты — ата-аналардың өз балаларына деген сүйіспеншілігін, сенімін, құрметін білдіру, сондай-ақ ата-аналар арасында ынтымақтастық пен бірлік орнату болды. Іс-шара барысында ата-аналарға жүрек пішініндегі түрлі пазлдар ұсынылып, әрқайсысы өз тілегін немесе жылы лебізін жазды. Жеке жазылған пазлдар біріге келе үлкен жүрек бейнесін құрады. Бұл жүрек ата-аналардың ортақ махаббатының, татулығының және бірлігі
6 «Ә» сыныбы оқушыларымен тренинг өтті
13
ноябрь
2025
6 «Ә» сыныбы оқушыларымен тренинг өтті
13 қараша күні   6 «Ә» сынып оқушыларымен «Достасайық» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің басты мақсаты – оқушылар арасындағы шын достықты нығайту ,  бір-бірін тереңірек танып-білуге жағдай жасау , сондай-ақ сыныпта эмоциялық жағымды атмосфера қалыптастыру  болды. Бұл кездесуде әр оқушы өз ойын ашық білдіріп, шығармашылық қабілетін көрсете алды.  Жаттығулар барысында балалар: бір-біріне сенім артуға үйренді; өзара түсіністік пен сыйластықты сезінді; ортақ жұмыс арқылы топтық бірлікті